Бүгін еліміздің батысында аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады, жел күшейеді.

Ал, Қазақстанның басқа өңірлері жауын-шашынсыз. Шығыс Қазақстанда, Ақмола облысында, Солтүстік Қазақстанда, күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20м/с-ға дейін барады. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20м/с-ға дейін күшейіп, шаңды бұрқасынға ұласады.

Сондай-ақ, күндіз Атырауда және батыс өңірдің кей жерлерінде аптап ыстық болады.