Бүгін еліміздің батысында жауын-шашын болып, найзағай ойнайды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын-шашын болып, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет РМК».

Алматы, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай мен 15-20 м/с жел күтіледі. Қостанай облысның кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, күндіз 18 м/с жел соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.