Бүгін еліміздің бірқатар аймақтарында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кей жерлерде жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, жекелеген аймақтарда - тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында ғана күн райы ашық болады деп күтілуде.

Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең жел күшейсе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыс өңірінің кей аймақтарында да тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Сонымен қатар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да осындай ауа райы байқалмақ. Павлодар облысында желдің екпіні 18 м/с жетпек.