Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
07:14, 20 Сәуір 2020
Бүгін еліміздің бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін сәуірдің 20-сы күні Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент және түнде Петропавл қаласында ауа сапасы ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.