Елдің оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, күндіз Маңғыстау, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-22 м/с дейін күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында екпіні 18-23 м/с жел соғады. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.