Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қаыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 17 мамырда Қазақстан бойынша Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.