Бүгін еліміздің қалаларында ауа сапасы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 19 наурызда еліміз қалаларында қалыптасатын атмосфералық ауа сапасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер болжамына сүйенсек, сенбі күні Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.