Тек батыста ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, таулы аймақтарда желдің екпіні 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жамбыл облысының кей жерлерінде 17-22 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 30 м/с дейін жетеді, бірқатар жерлерінде найзағай ойнайды. Алматы облысында күндіз кей жерлерінде желдің екпіні 18-23 м/с күшейеді, найзағай байқалады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысында түнде кей жерлерде, күндіз желдің екпіні 17-22 м/с күшейеді, кей жерлерде найзағай ойнайды. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз жекелеген аудандарда 25 м/с дейін жетеді.