Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз елдің басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Кейде 23 метрге дейін барады.
Қостанай облысының бірқатар аймақтарында бұрқасын болып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Қызылорда, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз желдің күші 15-20 метр/секунд болады.
Жамбыл, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарында тұман түсіп, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қарағанды, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді және құмды боран болады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, қалада көктайғақ болады.