Республиканың солтүстігінде түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Қарағанды, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.