Бүгін еліміздің солтүстігі мен шығысында жауын-шашынды болады
01:31, 07 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қазанда республикамыздың солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, ал қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында, түнде және таңертең Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады. Павлодар, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.