Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Жамбыл, Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.