Бүгін елорда көшелерінен 19 мың текше метрден астам қар шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада қар тазарту жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн сайын қар күреу жұмыстарына 1,5 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 1 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылады.

Тек 20 ақпанда күндізгі уақытта көшелер, жолдар, алаңдар мен тротуарлардан 19 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл жүк көліктерінің 1 577 рейсі.

Қыс мезгілі басталғалы қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, қар полигондарына 268 459 рейс жасалды.