Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, жер қойнауын пайдаланушыларының, жүйе құраушы кәсіпорындарының өкілдері және тау-кен компаниялары, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның отандық тауар өндірушілері шақырылды.
Форум-кеңесте жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі өкілдері «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы ақпараттық жүйесі бойынша түсініктеме жасайды. Сондай-ақ даму институттары отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етпек.