««University Medical Center» корпоративтік қоры аталған қордың басқарма төрайымы, белгілі қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Қайырбекова Салидат Зекенқызының мезгілсіз қайтыс болғанын қайғырып хабарлайды. Марқұммен қоштасу рәсімі 2016 жылғы 4 шілдеде, сағат 13:00-де «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ мәжіліс залында өтеді», делінген қор жолдаған хабарламада.
2016 жылғы 5 шілдеде сағат 11:00-де Қарағанды облысы, Нұра ауданы Киевка кентінде марқұмды жерлеу рәсімі болады.