Хабарламада атап көрсетілгеніндей, айдынның аренасы мұз үстінде спорттық жарыстар өткізуге негізделіп, халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес жасалған. Сырғанақ тебетін жер велотрекпен жерасты жолы арқылы жалғасады. Мұз айдынының аумағы 600 шаршы метрден кем емес, 350 орындық. Оның екі дене шынықтыратын залы бар. Сондай-ақ, кеңселік орынжаймен жарақтандырылған. Бейнебақылау орнатылған.
Ашылу бағдарламасына жаппай сырғанау, шоу, абонемент ойындары, велотректің жүлделері мен кәдесыйлары енгізілген.