Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан мәлім етті.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік ана атануы үшін 10 әйел қатысты. Олар: «Таныстыру», «Таланттар байқау» және «Үй тапсырмасы» аталымдары бойынша бақ сынайтын болады.
Барлық қатысушыларға тамаша жүлделер тігілген. Іс-шара 18.00-де басталады. Кіру еркін.
Айта кету керек, «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығында да Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 1-і мен 9 наурыз аралығында 80 пайызға дейін «Жеңілдіктер фестивалі» өтеді.