Бүгін Мичурино, Күйгенжар, Пригородный тұрғын үй алаптарында Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Әсем Омарова сынды қазақстандық эстрада жұлдыздары және басқада елордалық топтар өнер көрсетті.
Мұнымен қоса, «Керуен», «Хан Шатыр», «Аружан», «Керуен City» (бұрынғы «Мега») сауда, ойын-сауық орталықтарында шоу-бағдарламалар, концерттер ұйымдастырылып, онда келген қонақтарға бауырсақ пен наурыз көже ұсынылады.
«Алау» мұзайдын сарайында және басқа да спорттық нысандарда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Оған акробаттар, әртістер, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Қазіргі кезде мәдени шаралар мен халықтық серуен жалғасуда.