1950 жылдың 9 мамырында Франция сыртқы істер министрі Роберт Шуманның жариялаған үндеуі жаңа интеграциялық бірлестік - Еуропа Одағының құрылуына түрткі болған еді.
«Шуман декларациясында» Батыс Германия, Франция, Италия және Бенилюкс құрамындағы үш мемлекетке көмір мен болат өндіру салаларын біріктіру туралы алғаш рет үндеу жасалған болатын.
Осы екі саланы ұлттық мемлекеттерден жоғары тұратын құрылымның басқаруына тапсыруға келіскен. Еуропалық қауымдастыққа кірген алты елдің түгелі бірлестіктің Жоғарғы Кеңесіне бағынуға тиіс болған.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан дәл бес жыл өткеннен кейін осы Одақты құру туралы ұсыныстың мақсаты түсінікті еді. Осының арқасында біріккен елдер бір-бірінен қауіптенбей, жаңа Еуропада бейбітшілік орнауына негіз қалаған болатын.
Ал Еуропа күні, Еуроодақтың байрағы, әнұраны және ортақ валютасымен қатар еуропалықтардың бірлік рәмізіне айналған.