Бүгін - Еуропалық саябақтар күні

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Еуропалық саябақтар күні. Бұл күнді Еуропалық ұлттық және табиғи саябақтар федерациясы жариялаған.

Аталмыш еуропалық ұйым Еуропаның 36 еліндегі қорғалатын табиғи аймақты біріктіреді. Ең алғашқы рет 1999 жылы өткізілген бұл күн енді бүкіл Еуропада жыл сайын 24 мамырда мерекеленеді.

1909 жылғы 24 мамырда Швецияда тоғыз Еуропалық ұлттық саябақтың біріншісі құрылуына байланысты мереке күні таңдалды. Бүгін де Еуропалық саябақтар күні қоршалған жердің халықаралық ынтымақтастықтың символы. Мерекенің пайда болу себебі Еуропа қорықтарының жағдайын жақсарту және олардың жұмысына қоғам қолдаушылығын көтеру болды.