НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 25 маусымда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он бесінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Он бесінші тур ойындары 25 және 26 маусым күндеріне белгіленген. 25 маусымда екі, 26 маусымда бес ойын өткізіледі.
25 маусымда 19:00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Ордабасы» (Шымкент) кездессе, 21:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Шахтёр» (Қарағанды) шеберлік байқасады.
Ал 26 маусымда 17:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай), 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Тұран» (Түркістан) ойнаса, «Тараз» бен «Қайрат» (Алматы) ойнаса, 21:00-де «Ақтөбе» мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Атырау» командалары кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Айбол Әбікен допингке байланысты футболдан үш жылға шеттетілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.