НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 1 шілдеде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турдағы алғашқы кездесу Түркістанда жергілікті «Тұран» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары арасында өтеді. Ойын елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал 2 шілдеде «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақтөбе», «Атырау» мен «Тараз» шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 3 шілдеде «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары жасыл алаңға шығады.
Аталған турды 4 шілдеде «Ордабасы» (Шымкент) мен «Каспий» (Ақтау) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінде «Астана» ойсырай жеңілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.