Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің сегізінші туры басталады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 26 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің сегізінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сегізінші тур ойындары екі күнге белгіленген. Алдымен 26 сәуірде екі кездесу өтсе, 27 сәуірде тағы бес ойын болады.

Мамандар аталған турдағы басты ойын ретінде қостанайлық «Тобыл» мен елордалық «Астана» командалары арасындағы кездесуді атайды.

Жеті турдан кейін 12 ұпаймен «Астана» көш басында тұрса, «Тобыл» 11 ұпаймен әзірге бесінші орында келеді.

Кездесу 26 сәуірде елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жетінші турдағы өзге ойындар кестесі төмендегіше:

26 cәуір

18.00. «Қайрат» (Алматы) мен «Ордабасы» (Шымкент)

27 сәуір

16.00. «Қызылжар» (Петропавл) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы). «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

17. 00. «Ақжайық» (Орал) мен «Ақсу» (Павлодар облысы)

18.00. «Каспий» (Ақтау) мен «Шахтер» (Қарағанды). «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

19.00. «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау».

20.00. «Тараз» бен «Ақтөбе». «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнир кестесінде «Каспий», «Астана» және «Қайрат» командалары көш бастап келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын жетінші тур ойындары өткізілді.