АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы ойындары өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысында 18.00-де «Астана» мен «Ордабасы», 21.00-де «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездеседі.
Екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, бұған дейін «Астана» қызылордалық «Қайсар», түркістандық «Тұран» командаларын орта жолда қалдырса, «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтарал» мен Петропавлдың «Қызылжарын» жеңді.
Ал «Тобыл» Павлодар облысының «Ақсу», Қарағандының «Шахтер», «Атырау» «Ақтөбе», Алматының «Қайрат» командаларының осал тұсын тапты.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінде жазғы трансфер мерзімі басталды.
Жазғы трансфер уақыты 26 маусымда басталып, 24 шілдеде аяқталады. Осы аралықта командалар жаңа ойыншыларды тіркей алады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.