Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалының алғашқы ойыны өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында командалар екі ойыннан өткізеді. Әрбір жұптан жеңімпаз атанған клубтар 1/4 финалға жолдама алады. Қарымта ойын 29 және 30 сәуір күндеріне белгіленген.

Қазақстан кубогы. 1/8 финал. Бірінші кездесу.

15:00. «Каспий» (Ақтау) - «Тұран» (Түркістан)

15:00. «Ақтөбе» - «Атырау»

15:00. «Қызылжар» (Петропавл) - «Жетісу» (Талдықорған)

17:00. «Шахтер» (Қарағанды) - «Оқжетпес» (Көкшетау)

19:00. «Қайрат» (Алматы) - «Ақжайық» (Орал)

19:00. «Тобыл» (Қостанай) - «Ақсу» (Павлодар облысы)

21:00. «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы)

21:00. «Астана» - «Қайсар» (Қызылорда)

Ал 17 мамыр мен 7 маусым күндері 1/4 финал ойналса, 28 маусым мен 8 шілдеде жартылай финал болады.

Финал 4 қарашада өтеді деп жоспарланып отыр.