НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнирдің топтық кезеңі 14 тамызда мәресіне жетті. Нәтижесінде ширек финалға шыққан сегіз команда белгілі болды.
Жеребе тарту рәсімінде командалар өзара жұп құрады. Бұл кезеңде жеңімпазды анықтау небәрі бір ғана ойыннан тұрады.
Бүгін, ширек финалда сағат 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал), «Тараз» бен «Шахтер» (Қарағанды) командалары жасыл алаңға шығады.
Ал 21:00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары кездеседі.
Айта кетсек, жартылай финал ойындары 19 қазанға белгіленген. Кубок жеңімпазы 12 қарашада анықталады.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін аталған кубокты «Қайрат» 10 мәрте төбесіне көтерді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.