Айта кетсек, дүбірлі дода Біріккен Араб әмірлігінің Абу-Даби қаласында өткізілуде. Оған мұхит аймағынан - «Пираэ» (Француз Полинезиясы), Азиядан - «Аль-Жазира» (Біріккен Араб әмірлігі), Солтүстік Америкадан - «Монтеррей» (Мексика), «Аль-Хилал» (Сауд Арабиясы), Еуропадан - «Челси» (Англия) және Оңтүстік Америкадан - «Палмейрас» (Бразилия) командалары бақ сынауға мүмкіндік алды.
Іріктеу кезеңінде «Аль-Жазира» «Пираэны» 4:1 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін 1/4 финалда «Аль-Хиляль» «Аль-Жазирадан» 6:1, «Аль-Ахли» «Монтеррейден» 1:0 есебімен басым түсті.
Жартылай финалда «Аль-Хиляль» «Челсиге» 0:1, «Аль-Ахли» «Палмейрасқа» 0:2 есебімен жол берді.
Енді финалда «Челси» мен «Палмейрас» командалары шеберлік байқасады. Ал 3-орын үшін сайыста «Аль-Хиляль» мен «Аль-Ахли» кездеседі.
Аталған доп додасы 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 16 мәрте ұйымдастырылды. Чемпиондық атаққа Испанияның «Реал Мадриді» - 4, «Барселонасы» - 3, Бразилияның «Коринтианс» және Германияның «Бавариясы» - 2, «Интернасьонал», «Сан-Паулу», Англияның «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», Италияның «Милан» «Интер» командалары - 1 мәрте ие болды.