НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 20 тамызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турдағы алғашқы екі кездесу 19:00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Каспий» (Ақтау), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Атырау» командалары арасында болады.
Одан кейін 21:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тұран» (Түркістан) клубтары шеберлік байқасады.
Ал, 21 тамызда 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Тараз», «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 21:00-де «Ақтөбе» мен «Ордабасы» (Шымкент), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.
Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Ордабасы» командалары алғашқы үштікте келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.