Аталған тур 4 және 5 қыркүйек күндері өткізіледі. Алдымен 4 қыркүйекте төрт ойын болса, 5 қыркүйекте қалған үш кездесу белгіленген.
Алғашқы екі кездесуде 16:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тараз» жасыл алаңға шықса, 18:00-де «Атырау» мен «Каспий» (Ақтау) командалары шеберлік байқасады.
Одан кейін 20:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тұран» (Түркістан) командалары кездеседі.
Ал 5 қыркүйекте 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) ойыны басталса, 20:00-де «Ақтөбе» мен «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шығады.
Аталған турды 21:00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақжайық» (Орал) ойыны түйіндейді.
Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл» командалары алғашқы үштікте келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қайсар» тең түсті.