НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 14 және 15 қыркүйек күндері өтеді. Бүгін екі ойын болса, 15 қыркүйекте қалған бес кездесу белгіленген.
Алғашқы күні, сағат 19:00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шықса, 21:00-де «Ақтөбе» мен «Тараз» шеберлік байқасады.
Ал 15 қыркүйек сағат 17:00-де «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау) командалары кездеседі. Сондай-ақ 19:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ақжайық» (Орал), «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) командалары ойнайды. Аталған турды 21:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.
Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл» командалары алғашқы үштікте келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.