АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 22 және 23 сәуір күндері өтеді. Бүгін 2 ойын болса, ертеңге қалған 2 кездесу белгіленген.
Бүгін, 22 сәуірде сағат 15:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Каспий» (Ақтау) бесінші турдың шымылдығын түреді. Одан кейін 17:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары ойнайды.
Ал 23 сәуірде 14:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Шахтер» (Қарағанды), 16:00-де «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе», 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» командалары түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан кубогы 1/8 финалдық ойындары өткізілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.