АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 8 және 9 сәуір күндері өтеді. Бүгін, 8 сәуірде 4 ойын болса, 9 сәуірге қалған 3 кездесу белгіленген.
Бүгін, 8 сәуірде сағат 14:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) бесінші турдың шымылдығын түреді. Одан кейін 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», 17:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Каспий» (Ақтау), 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтёр» (Қарағанды) кездеседі.
Ал 9 сәуір күні, сағат 17:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған), 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.
Еске салсақ, төрт турдан кейін «Қызылжар» турнир кестесінде көш басында келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.