АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 6 және 7 мамыр күндері өтеді. Бүгін 4 ойын болса, ертеңге қалған 3 кездесу белгіленген.
Бүгін, 6 мамырда сағат 17:00-де «Ақтөбе» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайрат» (Алматы) командалары сегізінші турдың шымылдығын түреді.
Ал 19:00-де «Астана» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездессе, 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.
7 мамырда 15:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнаса, 17:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, футболдан бірінші лигада «Елімай» «Тұраннан» басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.