АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 3-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған тур 14 және 15 наурыз күндері өтеді. Бүгін, 14 наурызда 5 ойын болса, 15 наурызда қалған 2 кездесу белгіленген.
Алдымен 14 наурызда қазанда сағат 19:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы) пен «Каспий» (Ақтау) командалары кездеседі.
Ал 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Астана» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.
15 наурызда сағат 15:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Атырау», 17.00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қызылжар» (Петропавл) ойнайды.
Еске салсақ, алғашқы екі турдан кейін «Ордабасы» командасы көш бастап тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.