Бүгін - Геолог күні
07:25, 03 Сәуір 2011
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін - Геолог күні. Бұл атаулы күн о баста, кеңес геологтарының елдің минералды-шикізат қорын құрудағы сіңірген қызметтерінің құрметіне,
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы наурыздың 31-індегі Жарлығымен бекітілген болатын.
Бұл Жарлықтың шығуына 1966 жылы алғашқы Батыс-Сібір мұнайлы аймағы кен орнының ашылуы түрткі болды. Геолог күні бұрынғы Кеңес одағының барлық геологиялық және өндіру мекемелерінде атап өтіледі. Геологтармен қатар бұл мерекені маркшейдерлер, қопарғыштар, шахта үңгушілері, сондай-ақ пайдалы қазбаларды іздеумен және өндірумен айналысатын басқа да адамдар өздерінің төл мерекесі деп есептейді. Мейрамның өткізілу уақыты - сәуірдің бірінші жексенбісі бекер таңдалмаған, өйткені қыстың аяқталғаны жазғы дала жұмыстары мен экспедицияларға даярлықтың басталуын білдіреді.