Апта сайын әр жексенбіде Мәжіліс депутаттары, заң жобаларын жасаушылар, азаматтық қоғам өкілдері отандық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылайды, қандай да бір заңдарды қабылдау не үшін қажет, қазақстандықтардың өміріне олардың қалай әсер ететіні туралы әңгімелейді.
Жаңа тележобаның алғашқы қонағы – Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Бірінші шығарылым бүгін, 19 қаңтарда, сағат 18:45-те «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.