Бүгін - Халықаралық аккредитация күні

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық аккредитация күні.

2008 жылдың 9 маусымында бекітілді. Мереке аккредитациямен байланысты жұмыстарға назар аударту мақсатында Аккредитациялау жөніндегі халықаралық форум (IAF, International Accreditation Forum) мен Зертханаларды аккредитациялау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың (ILAC, International Laboratory Accreditation Cooperation ) жалпы шешімімен белгіленді.

30 жылдан астам уақыт бұрын құрылған ILAC халықаралық қоғамдастығына 70-тен астам мемлекеттің аккредитациялау бойынша органдарының өкілдері кіреді. Әлемдегі аккредитациялау бойынша органдар ұлттық шекаралардан тыс аумақтарда тауарлар мен қызметтерді кеңейтуге септігін тигізетін Келісімге қол қойды. Аталмыш Келісімнің мақсаты техникалық кедергілерді азайта отырып, халықаралық сауданы қолдау үшін халықаралық негіз салу болып табылады.