Бүгін - Халықаралық анимация күні

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық анимация күні.

1892 жылғы 28 қазанда Парижде Эмиль Рейно сиқыршысы көрермендерді жаңа, осы күнге дейін ешкім көрмеген - «оптикалық театр» атты көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш алғашқы рет өзінің праксиноскоп аппаратына көпшіліктің назарын аударды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Сонымен осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды.

Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді.