Бүгін Халықаралық балықшылар күні
08:28, 27 Маусым 2012
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық балықшылар күні.
1985 жылдан бастап, жыл сайын 27 маусым күні Халықаралық балықшылар күні атап өтіледі. Мереке 1984 жылы Рим қаласында өткен Балық аулау кәсібін реттеу және дамыту бойынша халықаралық конференцияның шешімімен белгіленді.
Балық аулау - адамзаттың ең көп шұғылданатын кәсіптерінің бірі.
Бұл күні балық аулау бойынша көптеген жарыстар, түрлі білім беру семинарлары ұйымдастырылады. Іс-шараларға тәжірибелі және әуесқой балықшылар қатысады. Соңғы жылдары балық аулау бойынша жарыстарда әйелдерді де көптеп кездестіруге болады.