Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні

АСТАНА.  Қыркүйектің 15-і.  ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні. Бұл атаулы күн 1982 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен қыркүйектің үшінші сейсенбісінде аталып өтіледі.

1981 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 34-ші сессиясында БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес ұйымның негізгі мақсаты - ұлттық және халықаралық деңгейде бейбітшілікті қолдау екендігі еске алынды және әлемнің ұлттары мен ұлыстары арасында бейбітшілікті нығайтуға және мерекелеуге арналған күн белгілеуге шешім қабылданды.

2001 жылы  қыркүйектің 7-сінде БҰҰ-ның бас Ассамблеясы Халықаралық бейбітшілік күнінің маңызын арттырып, барлық әлемдегі жауласып жатқан тараптарды жыл сайын Бүкілдүниежүзілік оқ атуды тоқтату күнін атап өтуге шақырды.