Бүгін Халықаралық демократия күні

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған 2007 жылғы 13 желтоқсандағы қарарында (№A/RES/62/7) жарияланған.

2008 жылдың 15 қыркүйегінен атап өтіледі. Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997 жылы Демократия туралы ортақ декларацияның қабылдануымен бекітілді.

Қарарда БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға бұл күнді қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында атап өту ұсынылады. Қарар БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ-ның Халықаралық демократия күнін атап өту үшін шаралар қабылдауға шақырады.

Пан Ги Мун өзінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі жолдауында: «Демократия өз-өзінен маңызды болып қоймайды - бұл әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуге ынталандырушы қуатты күш, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, сондай-ақ негізгі құқықтар мен бостандықтарды сыйлау», - деп атап көрсетті.