Бүгін - Халықаралық достық күні
Оны атап өту туралы шешімді БҰҰ Бас ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады. Жаңа датаны бекітуге идеологиялық негіз - Мәдениет және бейбітшілік саласындағы әрекеттер декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған Бүтін ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық болды.
БҰҰ мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдарға бұл күнді әр елдің дәстүрі негізінде атап өтуді ұсынды. БҰҰ-ның қарарында әртүрлі халықтар арасындағы достықты ңығайту аса ерекше атап өтілген.
Онымен қатар, Халықаралық достық күнінің тағы бір мақсаты - түрлі мәдениеттерді құрметпен қабылдауға бағытталған қоғамдық қызметтерге жастарды, соның ішінде болашақ көшбасшыларды тарту.