Бүгін - Халықаралық фашизмге, нәсілшілдікке және антисемитизмге қарсылық күні

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық фашизмге, нәсілшілдікке және антисемитизмге қарсылық күні. 1938 жылғы қарашаның 9-ынан 10-ына қараған түні «Хрусталь түні» немесе «Витриналар қиратылған түн» аталған Германиядағы еврейлерді жаппай ойрандау басталды.

«Хрусталь түні» немесе «Витриналар қиратылған түн» Холокостың - ақыр соңы 6 000 000 еврейді қазаға ұшыратқан, еврей халқына қатысты жаппай зорлық-зомбылық көрсетудің бастамасы еді.