Бүгін Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы басталды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы (7-13 қараша) басталды.

Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы алғаш рет Халықаралық бейбітшілік күні шеңберінде 1986 жылы өткізілді. Ал уақытта апталық аясындағы іс-шаралар үкіметтік емес деңгейде жүзеге асырылды.

1986 жылы Ғылым апталығы сәтті өткізілгеннен кейін оның ұйымдастырушылары дәстүрді жалғастыру шешімін қабылдады. 1988 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығын өткізудің мерзімін ресми түрде бекіткен қарарды қабылдады. Осыдан бастап бұл мереке қарашаның 11-інші жұлдызы түсетін апта бойы тойланады. Бұл - 10 қараша - Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күнінен кейінгі дата болып табылады.

БҰҰ ұйымға мүше-елдерді ғалымдар арасындағы халықаралық ықпалдастыққа қолғабыс етуге табандылықпен шақырды. Бұл үшін Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы аясында университеттер мен академияларда түрлі дәрістер, семинарлар, пікірталастар өткізілуі тиіс.