Бүгін - Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күнінің тарихы 17 қазанмен тығыз байланысты. Сол 1948 жылы Жалпыға ортақ адам құқы декларациясына қол қойылған күні асқан қайыршылық, күш көрсету және аштық құрбандарын еске алу мақсатымен Париждегі Трокадеро алаңына жүз мыңнан астам адам жиналды.

Жиналғандар қайыршылық адам құқын бұзу болып табылады деп мәлімдеді және осы құқықтарды сақтауға бірлескен қимыл таныту қажеттігін атап көрсетті. Осы мазмұндағы тиісті мәлімдеме сол күні ашылған Естелік тасына қашап жазылды.

1992 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған қарарында Бас Ассамблея 17 қазанды Халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні деп жариялады және барлық мемлекеттерді, әр елдің өз өзгешіліктеріне қарай, осы күні қайыршылық пен кедейшілікті жоюға байланысты нақты шаралар өткізуге және насихат жұмыстарын жүргізуге арнауға шақырды.