Бүгін - Халықаралық кооперативтер күні

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық кооперативтер күні. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 1995 жылғы шілденің бірінші сенбісін,

700 миллионнан астам адамды біріктіретін Халықаралық кооперативтік альянстың жүзжылдығын тойлау мақсатында - Халықаралық кооперативтер күні (16 желтоқсандағы №47/90 қарары) деп жариялады.

1994 жылы Бас Ассамблея кооперативтердің әлеуметтік-экономикалық дамудың қажетті құралына айналғанын ескере отырып, жыл сайын осы күні атап өтуді ұсынды (23 желтоқсандағы №49/155 қарары).

Халықаралық кооперативтер күнінің мақсаты - әлем қоғамдастығының назарын кооперативтерге аудару және халықаралық кооперативтік қозғалыс пен басқа да, үкіметтер мен барлық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдарды қоса есептегендегі, субъектілер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейте түсу.