09:13, 01 Сәуір 2009
Бүгін - Халықаралық құстар күні
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Бүгін - Халықаралық құстар күні. 103 жыл бұрын (1906) құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойылды.
Құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу осы конвенцияның негізгі қағидаларына жатады. Осы атаулы күнге орай Алматыда алғаш рет құстар туралы ән фестивалі өтеді. Оны Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясы ұйымдастыруда.