Бүгін - Халықаралық поляр аюлары күні

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Бұл Халықаралық күнді атап өтудің негізгі мақсаты поляр аюлары туралы ақпаратты тарату және оларды қорғау қажеттігіне,

сондай-ақ поляр аюларының популяциясының жойылып кетуінің негізгі қаупі - поляр мұздықтарының еруі проблемасын шешу қажеттігіне қоғамдастық назарын аударту. Ақ аюлардың өміріне қауіп төндіретін себептердің тағы бірі мұнай кен орындарын игеру арқылы қоршаған ортаны ластау болып табылады.

Бірінші кезекте Халықаралық поляр аюлары күні ақ аюлар өмір сүретін бес ел үшін маңызды. Олар - Ресей, Норвегия, Канада, Гренландия және АҚШ (Аляска). 2008 жылдың мамырында АҚШ-та ақ аю Қызыл кітапқа енгізілді. Ал Канада мен Ресей ақ аюды «жануарлардың осал түрі» ретінде белгіледі.