Бүгін - халықаралық сұлулық күні
10:19, 09 Қыркүйек 2013
АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат- Бүгін халықаралық сұлулық күні.
Әсемдіктің бүкілдүниежүзілік күні Халықаралық Эстетика және косметология комитетінің (СИДЕСКО) бастамасымен аталып өтілуде. СИДЕСКО - 1946 жылы құрылған халықаралық Эстетика және косметология комитеті. 1995 жылдан бері әлемде адамға эстетикалық ләззат сыйлайтын сұлулық пен әсемдікке көңіл бөлінуде. Сондықтан әлемнің көптеген елдерінде дәл осы 9 қыркүйек күні түрлі сұлулық байқаулары ұйымдастырылуда. Ең алғашқы сұлулық байқауы 1888 жылы қыркүйек айында Бельгияда өтті, ал «Әлем аруы» сұлулық байқауы тұңғыш рет 1951 жылы сәуір айында Лондонда өткен.