Бүгін - Халықаралық зергер күні
08:09, 31 Қаңтар 2013
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Зергерлік ең көне мамандықтардың бірі, себебі, адамдар өздерін сәндеуді қашанда ұнатқан. Алғашқы әшекейлер сол кездегі құралдармен өңдеуге келетін әртүрлі қосалқы материалдардан жасалынды.
Мысалға олар ұлу қабыршағынан жасалған моншақтар, азу тістерден жасалған алқалар және тағы басқалары болды. Ең қымбат және әсем әшекейлерді тайпаның көсемі тақты.
Зергерлік өнердің отаны Ежелгі Мысыр саналады. Осы жерде алғаш рет тастарға өрнектер салынды, жарқырауық тастары бар бағалы металдардан жасалған әшекейлер пайда болды. Ежелгі шеберлердің бұйымдары қазіргі күнге дейін таңданыс туғызуда. Әшекейлік заттарға бағалы тастар, гауһар тастар, кәріптастар және жарқырауық тастар пайдаланылды.